Емхана жолдамасымен тегін
2022 жылдан бастап ISSAYEV CLINIC кеңес беру-диагностикалық қызметтердің бір бөлігін тегін көрсетеді — Сіздің емханаңыздың жолдамасымен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында.
Тегін қабылдауға қалай жазылуға болады
Жолдама алыңыз
Емханаңыздағы учаскелік дәрігерге немесе бейінді маманға жүгініңіз. Жолдама электрондық түрде ресімделеді.
Бізге қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз
Әкімші жолдаманы тексеріп, қабылдау уақытын белгілейді.
Қабылдауға келіңіз
Жеке куәлікті, ал бала үшін туу туралы куәлікті ала келіңіз. МРТ немесе КТ суреттері болса, оларды да алыңыз.
Білу маңызды
- Тегін қызметтердің тізімі мен орын саны ағымдағы жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалған шартқа байланысты. Қажетті қызмет қазір қолжетімді ме, әкімшіден нақтылаңыз.
- МӘМС аясында көмек алу үшін сақтандырылған мәртебе қажет. Оны egov қосымшасынан немесе өз емханаңыздан тексеруге болады.
- Жолдамада жоқ қызметтер прейскурант бойынша ақылы көрсетіледі.
Жолдамаңызды тексереміз
Қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз — әкімші қызмет қазір қолжетімді ме, айтады.